Қазақстанның антиядролық бастамалары туралы сарапшылар пікір білдіруде

Қазақстанның антиядролық бастамалары туралы сарапшылар пікір білдіруде

Вашингтонда Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит аясында Қазақстан мен Жапония басшылары ядролық сынақтарға тыйым салу келісіміне тезірек қол жеткізу жөнінде бірлескен мәлімдеме қабылдады. Құжатта ресми Астана мен Токио Солтүстік Кореяның халықаралық міндеттемелерді бұзып, соңғы жылдары жүргізген ядролық сынақтарын қатаң айыптайтыны және Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың тезірек күшіне енуіне қол жеткізу үшін барын салатынын айтылған. БҰҰ бас хатшысының бұрыңғы орынбасары бұл бастаманың маңыздылығын атап өтті.

 

Кийотака АКАСАКА, ЖАПОНИЯ СІМ БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ, 2007-2012 ЖЖ. БҰҰ БАС ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Менің ойымша ядролық қарудан бас тарту бастамасы өте маңызды. Бұл мәселе бойынша Жапония мен Америка өз ұстанымдарын білдірген болатын. Әрине бұл мақсатқа қол жеткізу оңай болмайтыны түсінікті. Осы ретте Қазақстан президентінің ядролық қаруға қарсы жаһандық қозғалыс тудырып, әлем елдерінің келісімуне қол жеткізу туралы айтқан ұсынысы орынды болды.


×