Назарларыңызға еліміздің белгілі опера әншісі, біртуар таланты, Қазақстанның халық артисі Нұржамал Үсенбаеваның "Сіздерге мөлдір сезіммен..." атты жеке концертін ұсынамыз.
Бірде қазақтың әйгілі академигі Қаныш Сәтбаев жас Исаны Қоянды жәрмеңкесінде ән айтып жүргенін көріп қалып, өнеріне тәнті болады. Сонда талант иесіне: «Сен, Иса, бұлай ауыл аралап жүре берсең қалып қоясың. Семейге бар, саған оқу керек, музыкалық білім алу керек, сол кезде өсесің», - деп ағалық кеңесін берген деген хикая бар.
Осы сөзден кейін, Қаныш ағаның сөзін көңілге тоқып, сөзге зерек, әнге әуес, жырға құмар Иса білімге бас қояды. Білімі мен білігі, өнері мен дарыны шыңдалған Исаның шығармашылығы бекіп, танымалдығы шартарапқа тарайды.
Ақын, композитор, әнші болған қазақтың сегіз қырлы, бір сырлы талант иесі Иса Байзақовтың өмір жолы туралы деректі фильмді көруге асығыңыз.
Бағдарлама тақырыптары:
- Алматыда «Ұлы Жібек жолындағы қоңырау үні» атты халықаралық конференция өтті;
- Ақын Олжас Қасымның шығармашылығы;
- Павлодар қаласындағы «Ертіс дарыны» орталығының жұмысы;
- Жеделсатының пайда болу тарихы;
- Студия қонақтары – әнші жұп Бота Бейсенова мен Ғани Жүнісов.
Бағдарлама тақырыптары:
- Қалыңдық көйлегін қалай таңдаймыз?
- «Елімізде құрметке лайық қыз-келіншектер кім?» деген сауалнамаға жұртшылық кімдерді атайды?
- Шетел жаңалықтары;
- Троллейбус жүргізушісі Айнұр Қасенова жұмысын қалай атқарады?
- Студия қонағы – ҚР халық әртісі Майра Ілиясова және Қытайдан келген әнші Арай Айдархан.
Бағдарлама тақырыптары:
- «Құнанбай» фильмі көрермен тарапынан қандай баға алды?
- Гүлжан Қарабаевамен қалдық қораптардан кәдеге жарайтын зат жасап үйренейік;
- Шетел жаңалықтары;
- Студия қонақтары – әнші Айбек Мұхамедәли және ақын Жазира Ахметова.
Бағдарлама тақырыптары:
- Ә. Қастеев атындағы Өнер мұражайында Венгрия суретшілерінің көрмесі өтті;
- Ұлы ойшыл, музыка зерттеушісі, физик, математик Әбу Насыр әл-Фарабидің артынан қалдырған асыл мұрасы;
- Қазақстандық жас әнші Дана Әли джаз вокалы бойынша Италияда өткен байқауда бас жүлдені жеңіп алды;
- Қолөнер шебері Азамат Бақияның сазсырнайды жасау әдісімен бөліспек;
- Студия қонағы – М. Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрының суретшісі Мұрат Сапаров.
Бағдарлама тақырыптары:
- "МұзАрт" тобы қазақ эстрадасының таихында тұңғыш рет ұялы қондырғыларға арналған альбом шығарды;
- ЮНЕСКО ұйымы 2016 жылды «Яссауи жылы» деп жариялады;
- Жаңа жылға қарсы Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры қайырымдылық шарасын өткізді;
- Әнші Баян Нұрмышеваның өмірлік және шығармалышық жолы;
- Әміре Қашаубаев жайлы ағылшын тіліндегі музыкалық фильмге кастинг басталды;
- Студия қонағы – термеші Әбіл Әділбеков.
Бағдарлама тақырыптары:
- Қазақстандағы баспа ісі;
- Әнші Сейіл Аяғанның шығармашылығы;
- Қостанадайда «Саяқ» атты қысқаметражды көркем фильмнің тұсаукесер рәсімі өтті;
- Студия қонағы – кинотанушы Гүлзат Бөбек.