Ғылым мен инновация – жаңашылдықтың бастауы

Ғылым мен инновация – жаңашылдықтың бастауы

Инновациялық даму, инновациялық экономика – бүкіл әлем бойынша ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Елімізде инновациялық экономика қалай дамуда? Бұл саланы дамыту үшін өндіріске ғылыми жаңалықтардың енгізілуі қандай дәрежеде өтуде? Жалпы «инновация», яғни өнертабыстың түп мағынасы қандай? Бұл сұрақтардың жауабын бағдарлама барысында білетін боласыздар.

Адамның бір қызығы бала деген...

Адамның бір қызығы бала деген...

Бала – әрбір жанұяның ең басты құндылығы, ұлтымыздың келешегі. Денсаулығы жақсы әр ұрпақтың болашағы да зор.

 

Бүгінде бала бойының өспей қалу потологиясы белең алды. Бойдың өспей қалу проблемасы неден туындайды? Оны қашан анықтауға болады? Бала денсаулығын жақсарту үшін не істеу қажет? Бұл сұрақтарға отандық ғалымдарымыз не дейді? Оны бағдарлама барысында біле аласыздар.

Қартаймаудың жолдары

Қартаймаудың жолдары

Жуырда еліміздің ғалымдары қартаюды тежейтін қондырғы ойлап тапты. Адамның ұзақ жасауына септігін тигізетін жаңа әдістің ерекшелігі неде? Аппарат қаншалықты тиімді? Пайдасы бар ма? Қартаймаудың өзге де жолдары қандай? Бұл жөнінде бағдарлама барысында біле аласыздар.

Тарихи дереккөздерді халыққа жеткізудің жаңа әдістері

Тарихи дереккөздерді халыққа жеткізудің жаңа әдістері

Тарихи қолжазбаларды өзге елдер ұзақ жылдар бойы қалай сақтап келеді? Бізде неге сондай құнды жазбалар аздық етеді? Қытай, Иран ғалымдарының тарихи деректері қазақ тіліне қалай аударылып келеді? Осы өзекті сұрақтардың жауабын бағдарлама барысында біле аласыздар.

Қазақ ойлап тапқан «Төрткен» мен «Төртқара» алгебрасын білесіз бе?

Қазақ ойлап тапқан «Төрткен» мен «Төртқара» алгебрасын білесіз бе?

Ғылымы және ғалымы бар елдің – болашағы бар. Ендеше, біз Асқар Жұмаділдаевтай аты мұхит асып, шетелдің білікті ғалымдардың аузында жүрген математигіміз бар екеніне қуанып қана қоймай, мақтанышпен де айтуымыз керек сынды.

 

Бала кезден-ақ зерек болған Асқар Жұмаділдаевтің үйі тек кітапқа ғана толы болып, оларды таң атқанша оқиды екен. 12 жасында Орынбек Жәутіковтың арнайы шақыртуымен Алматыдағы республикалық физика-математика мектеп-интернатына оқуға түскен болашақ академиктің ғылымға деген бетбұрысы сол кезден басталады.

 

Ол алгебра саласында ғылыми жаңалық ашты. «Төрткен» және «Төртқара» деген қазақша атаумен алгебра ойлап тапты. Шешілмеген есепті шешті.

 

Әр қадамы, әр сәті, әр секунды есептеулі ғалымның ашқан жаңалығы туралы не білеміз? Толығырақ төмендегі видеосюжеттен көре аласыздар.

Артық салмақпен күресу жолдары

Артық салмақпен күресу жолдары

Қазір қоғамдық орынның қай жерінде болмасын ұялы телефонына телміріп  отырған жастар мен мектеп оқушыларын көресің. Құтты бір ауру адамдай, ой Алла-ай, көзін алмайды ау-телефоннан. Автобусқа мінсең де сол, емханаға барсаң да сол, аллеяға шықсаң да сол. Негізі телефонға, интернетке, компьютерге  тәуелді болу тек психикаға әсер етіп қоймай, семіруге де сеп болады екен. «Неге?»-деген сауалға жауапты «Ғылыми кеңес» бағдарламасының осы жолғы шығарылымынан табасыз.    

Бетке қарап дертті анықтауға болады

Бетке қарап дертті анықтауға болады

Медицинада «физиогномика» деп аталатын ғылым бар. Бұл ғылым адамның келбетіне қарап қандай дертке шалдыққанын анықтайды. Әдетте әр күні жұмысқа кетерде айна алдына келіп өз бейнеңізге бір үңілмей жолға шықпайтынымыз бар. Дәл осы сәтте өз бет-әлпетіңіздегі өзгерістерге ден қоя назар салсаңыз, денсаулығыңыздағы өзгерістерді байқай аласыз. Бұл аурудың алдын алуға өте пайдалы. Шығыс медицинасында ежелден бар бұл әдістің науқасқа алғашқы диагноз қоюда маңызы зор.

 

Егер де...

 

Көзіңіздің үсті іссе

Бұл бүйректің әлсіздігінен немесе бүйректің қабынуынан дерек беруі мүмкін. Мұндайда дәрігерге барып қаралыңыз және қан қысымыңызды өлшетіп көріңіз.

 

Көздің айналасы қарауытса

Бұл сіздің қатты шаршағаныңызды білдіреді, мұндай шақта демалысты көбейтіп, тыныштыққа назар аударыңыз.

Құлақ шұңқырының түсі бозарып тұруы қан айналымының дұрыс жүрмейтінін көрсетеді.

Егер адамның мұрны мен езуінен төмен қарай сызықтар пайда болса, онда оның жүрегі мен қан айналымы мүшелеріне салмақ көп түседі деген сөз.

 

Тілдің үсті ағарып, қалыңдаса

Ас қорытудың жақсы болмағандығынан, асқазанның қабынуынан, асқазан-ішек жолы қызметтерінің қалыпсыздығынан көрсетеді. Мұндайда тамақты өлшеммен жеуге назар аудару керек.

 

Бетке қара дақ түссе

Бұл тамақта витамин В тобының немесе витамин С-ның кемшіл екенін білдіреді. Мұндайда балғын жемістер мен көкөністерді көбірек тұтыну керек.

 

Тері сарғайып кетсе

Бауырда ыстық немесе т.б. ақаулардың бар екенін білдіреді. Мысалы, бауырдың қабынуы, бауырдың қатаюы сынды.

Көз астындағы қалталану, беттің сарсылып, ісінуі бүйректе немесе қалқанша безде кінәраттың пайда болғанын білдіреді.

Безеу, бөртпе, ұшықтың жиі шығуы да асқазан-ішек жолдары, жүйке мен эндокриндік жүйедегі ағза жұмысының ауытқушылығынан белгі береді.

 

baq.kz

Айдын Айымбетов ғарышта бірнеше ғылыми тәжірибе жүргізеді

Айдын Айымбетов ғарышта бірнеше ғылыми тәжірибе жүргізеді

қыркүйекке жоспарланған қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетовтың ғарышқа сапары ғылым мен экономиканың дамуына септігін тигізеді. Айдын Айымбетов көкте отандық ғылым үшін маңызы зор бірнеше тәжірибе жүргізеді. Қазір бұл бағдарламалар Ресей тарапымен келісіліп жатыр.

 

Айдын Айымбетов Халықаралық ғарыш станциясында 10 тәулік болады. Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы дайындаған ғылыми бағдарлама аясында 10 тәжірибе жүргізу жоспарланып отыр. Олардың арасында ең маңыздысы «Дауыл» жобасы.

 

Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы жерді қашықтан зондтау тәсіліне басымдық беріп отыр. Қазақстандық ғалымдар бұл жобамен 20 жылдан бері айналысуда. Ғарыштан түсірілген суреттер төгілген мұнайды, шаңды дауылдың қозғалысын, қардың қалыңдығы мен ылғалдылықты анықтауға мүмкіндік береді. Бұл әдістің еліміздің экономикасы үшін маңызы зор.

 

Жаңа тәжірибелер Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевтың ғарыш орбитасында жүргізген зерттеулерінің жалғасы іспетті.

 

www.khabar.kz

 

Ғалымның хаты өлмейді

Ғалымның хаты өлмейді

Тәуелсіздік алып, еліміздің экономикасы нарыққа бейімделе бастаған тұста, экономика ғылымдарының докторы, академик Аманжол Қошановтың ғылым мен өндіріске қосқан еңбегі ұшан-теңіз. Нарықтық экономика өзге елдерде бұрыннан бар болғанымен, оны жаңадан қолданысқа енгізу, соған сай өндірісті бейімдеу оңай болмады. Осы бағдарламада академиктің экономикалық мүдделер тұрғысында жасаған тиімді қадамдарын бір топ ғалымдар бірлесе талқылап, талдайды. 

Ғалымдар «ақылды» термометр ойлап тапты

Ғалымдар «ақылды» термометр ойлап тапты

Ғалымдар жаңа заманауи медициналық термометрді ойлап тапты. Оны олар 3 жылдан астам уақыт бойы жасады.

 

Бірегей гаджет баланың ыстығы көтерілсе, бұл туралы бірден-ақ ата-анасынаескертуге қабілеті бар. Термометрдің мәліметтері Bluetooth арқылы смартфонға жіберіледі.

 

Қолға білезік ретінде бекітілген құрал түнде ұялы телефон арқылы баланың дене қызуының көтерілгені туралы хабарлай алады. Бұдан басқа, оның болжау қызметі де бар. Ол арқылы өлшеу уақытын азайтып, кесте немесе графа түрінде алынған мәліметтерді талдап, мәліметтерді электронды почта арқылы жіберуге мүмкіндік береді.

 

«Ақылды» медициналық термометрді Новосібір Академпаркінің резидент компаниясы жасап шығарып, өндіріске енгізіп отыр, деп хабарлайды Planet Today.

 

www.inform.kz