Шаманизм творчества Токболата Тогузбаева

Шаманизм творчества Токболата Тогузбаева

Что ждет гостей и участников международного фестиваля «Откровение-2016»?

Травиатой» ГТОБ «Астана Опера» «распечатывает» новый год;

Шаманизм творчества Токболата Тогузбаева;

Венеция: разливаясь на полотнах Луиджи Раваньяна.

Фотовыставка Никиты Басова

Фотовыставка Никиты Басова

- В Казахской государственной филармонии имени Жамбыла прошел рождественский концерт;

- Каким приметам доверяют артисты и работники "Астана Опера"?

- "Точка зрения" Никиты Басова;

- Что ждет зрителей Казахского музыкально-драматического театра имени К.Куанышбаева в 2016 году?

10 қазанда «Абай» операсының үшінші тұсаукесерлік спектаклі өтеді

10 қазанда «Абай» операсының үшінші тұсаукесерлік спектаклі өтеді

Алғашқы тұсаукесер қоғамның үлкен қызығушылығын тудырды. Екі күн ішінде елордалық опера театрында 2 500 көрермен болды, олардың қатарында астаналық тұрғындар мен қонақтар, сондай-ақ, музыкатанушылар, музыка сыншылары мен «Абай» операсын тек шығарма ретінде емес, оны өмірдің бір бөлігі деп қабылдайтындар да бар.

 

10 қазанда тыңдармандар тамашалайтын басты орындаушылар құрамында: Абай – Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Талғат Мұсабаев;   Ажар – Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Ниязова; Айдар – Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Жан Тәпин, Жиренше – Евгений Чайников;  Әзім– Рамзат Балақышиев; Көкпай – Талғат Ғалеев;  Қарлығаш – Татьяна Вицинская. Аталмыш спектакльде алғаш рет өнер көрсетіп, Сырттанның партиясын орындайтын тағы бір әртіс – Арменияның Халық әртісі Барсег Туманян;  Нарымбет – Ерұлан Кәмел;  Мес – Нұрлыбек Қоспармақов сынды өнерпаздар бар.

 

Дирижерлық тізгінде – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» бас дирижері Алан Бөрібаев. 

 

www.astanaopera.kz

«Астана Опера» Камералық залының жаңа маусымы басталды

«Астана Опера» Камералық залының жаңа маусымы басталды

1 қазан – Халықаралық музыка күні. Осыған орай «Астана Опера» театрының Камералық залы III концерттік маусымын ашады. Ұсынылатын қызықты да, мазмұны терең жаңа бағдарламалар тыңдарманды жыл бойы қуантады.

 

«Жылдың сегіз мезгілі» атты алғашқы концертте Антонио Вивальдидің «Жыл мезгілдері» циклы және Астор Пьяццолланың «Буэнос-Айрестегі жыл мезгілдері» деп аталатын төрт композициясы ұсынылады. Музыкалық жауһарларды ҚР Еңбек сіңірген қайраткері маэстро Абзал Мұхитдиновтің басқаруындағы «Астана Опера» театрының Камералық оркестрі орындайды. Солисттер – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Әбілханов және Айсұлу Байкенова.

 

«Астана Опера» театрының шығармашылық ұжымы Камералық залда өтетін, көпшіліктің сүйікті туындыларына айналған «Bel canto», «Балалар абонементі» және басқа абонементтермен қатар сәрсенбі күндері ұйымдастырылатын «Музыкалық орта» атты концерттер легін әзірледі. Сонымен қатар көрермендішетелдің әйгіліжұлдыздары мен арнайы шақыртылған әртістері қатысатын ұмытылмас кездесулер күтіп тұр.

 

www.astanaopera.kz

 

 

«Астана Опера» II «Жібек Жолы» халықаралық музыка фестивалін тамашалуға шақырады

«Астана Опера» II «Жібек Жолы» халықаралық музыка фестивалін тамашалуға шақырады

«Астана Опера» театрының үшінші маусымы II «Жібек Жолы» халықаралық музыка фестивалімен ашылады. Аталған классикалық өнер мерекесіне Америка, Алмания, Польша, Жапония, Корея, Ресей және Қазақстан әртістері қатысады.

 

Фестиваль, 25 және 26 қыркүйекте тұсауы кесілетін, А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсынан бастау алады. Қойылым Қазақстан мен Италия өнер ұжымдарының бірлескен еңбегі. Опера барысында  ұлттық классика заманауи кеіпке оранып, 3D-мен қоса өзге де соны технологиялар қолданылады. 

 

Қыркүйек айының соңғы жұлдызында көрерменге аса көрнекті хореограф Б. Эйфманның «Роден» балеті ұсынылады. 

 

Әлемдегі музыкалық театрлардың көрнекті жауһарларының бірі – «Аида» опералық спектаклі «Астана Опера» сахнасында 4 қазанда шырқалады.

 

Келесі күні, 5 қазанда тамаша скрипкашы, беделді халықаралық конкурстардың жеңімпазы Ержан Күлібаев қатысатын концерт өтеді. Бағдарламада фин композиторы Ян Сибелиустің шығармалары.

 

Классиканың жауһары – П.И. Чайковскийдің эксклюзивті 3D нұсқадағы «Аққу көлі» балетін елорда тұрғындары мен қонақтары 11 қазанда және 2 қарашада тамашалай алады. Өмірде де, өнерде де жұбы жазылмаған атақты итальяндықтар – Эцио Фриджерио мен Франка Скуарчапино әзірлеген декорациялар мен костюмдер күні бүгінге дейін бір де бір көрерменді бей-жай қалдырған емес.

 

13 және 14 қазанда Дж. Пуччинидің «Богема» операсы, 16 қазанда пианист Жания Әубәкірова «Астана Опера» симфониялық оркестрімен бірге С. Рахманиновтің № 3 концертін орындайды. 

 

Толығырақ www.astanaopera.kz сйтынан біле аласздар.

 

 

«Астана Опера» театрының екінші маусымы аяқталды

«Астана Опера» театрының екінші маусымы аяқталды

Екінші маусымның қалай өткені туралы театрдың маркетингтік зерттеу бөлімінің статистикалық мәліметтері:

 

Театрдың2014-2015 жылғы екінші маусымының қорытындысы бойынша 200-ден астам іс-шаралар өткен. Оның ішінде тұрақты репертуардағы қойылымдармен қатар А. Жұбанованың «Қарагөз», П. Чайковскийдің «Жаңғақ шаққыш», Б. Асафьевтің «Бақшасарай бұрқағы» сияқты үш балет спектаклі мен Дж. Вердидің «Травиата», сондай-ақ, «Аида» сынды екі операның тұсаукесері болды.

 

Зерттеулер көрсеткендей, театрға келуші көрерменнің жас шамасы 25-тен 40-қа дейінгілерді құрайды. Қойылымдарды таңдау кезінде театрдың қонақтары қазақстандық және шетелдік жұлдыздардың қатысуымен өтетін ең белгілі, әсерлі жеңіл қабылданатын шығармаларға ерекше мән берді. «Астана Опера» көрермендерінің айтуынша, театр ұжымы бұрын тек шетелдерде ғана көруге болатын қойылымдармен танысуға мүмкіндік берді.

 

Қойылымдар барысында залдар 99%-ға толы болғаны да атап көрсетілді. Екінші маусымда театрға 90 737 көрермен келген. Көпшілік үшін сұранысқа ие спектакльдер ішінде «Травиата», «Аида», «Қарагөз», «Бақшасарай бұрқағы», «Спартак», «Аққу көлі», «Ұйқыдағы ару» және т.б.

 

Осы уақыт аралығында театрға Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Новосібірдің МОБТ, Қытай шығармашылық ұжымы, З. Палиашвили атындағы Грузиндік мемлекеттік опера және балет театрының ұжымы шақырылған, Мариинский театры, сондай-ақ, әлемдегі ең ескі театрлардың бірі Сан-Карло театры ұжымдарының қойылымдары көрермендерге ұсынылды.

 

Елордалық «Астана Опера» театрының труппасы өз кезегінде АҚШ (Нью-Йорк), Канада (Торонто), Франция (Париж), Бельгия (Антверпен), Голландия (Роттердам) сияқты 5 елде әлемдік турне бойынша өнер көрсетті. Балет труппасы Карло Феличе (Италия) театрының сахнасында өз шеберлігін көрсетті.

 

«Астана Опера» театрының 3 маусымы Қытай, Ресей және Қазақстанның түрлі қалаларының қатысуымен «Жібек жолы» екінші халықаралық фестивалімен ашылады. Онда А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсының және Л. Минкустың «Баядерка» балетінің тұсаукесерлері жоспарлануда.

 

www.astanaopera.kz

 

«Астана Опера» театры II маусымының гала концертін ұсынады

«Астана Опера» театры II маусымының гала концертін ұсынады

12 шілдеде «Астана Опера» театры бір жылдық жұмысын аяқтайтын әсерлі бағдарлама ұсынады.

 

Екі бөлімнен тұратын концерт балет қойылымдарымен әзірленген ғажап көріністерден басталады. Балеттік труппаның солисттері Серік Нақыспеков, Елдар Сәрсембаев, Гүлзира Жантемір, Марат Әбдірахманов, Бауыржан Мекембаев, Мәдина Баспаева, Әйгерім Бекетаева, Гауһар Усина, Әнел Рүстемова, Тайыр Гатауов, Жандос Әубәкіров, Еркін Рахметоллаев және Арман Оразов өнер көрсететін болады.

 

Екінші бөлімде көрерменді опера жанрының жауһарлары күтіп тұр. Бибігүл Жанұзақ, Жәмиля Жарқымбаева, Артұр Қайыпқұлов, Талғат Ғалеев, Бейімбет Таңарықов, Евгений Чайников, Салтанат Мұратбекова, Гүлжанат Сапақова, Болат Есімханов, Рамзат Балакішиев сынды әншілер көрерменге ұмыттырмас ғажап туындыларды орындайды деп күтілуде.

 

Мұнымен қатар, «Астана Опера» халықаралық театрлармен белсенді түрде әріптестік құра бастады. Елордалық театрдың балеттік труппасы итальяндық «Карло Феличе» театрының сахнасында А.Хачатурянның «Спартак» қойылымын ұсынды. «Астана Опера» сахнасында Грузияның З. Палиашвили атындағы Мемлекеттік опера және балет театры өнер көрсетті, сондай-ақ, көне Сан-Карло театрының гастролі орасан зор табыспен өтті.

 

«Астана Опера» театрының жетекші солисттері Дина Хамзина, Талғат Мұсабаев, Салтанат Ахметова мен Медет Шотабаев әйгілі итальяндық Карло Феличе театры маусымының жабылуында өнер көрсетті. Гастрольдік эстафетаны балет әртістері Әйгерім Бекетаева мен Еркін Рахметоллаев жалғастырып, ағымдағы жылдың қазан айында әлемге аңыз болған итальяндық Ла Скала сахнасында өнер көрсетпек.

 

«Астана Опера» келесі театрлық маусымын қыркүйекте ашады.

 

www.astanaopera.kz

 

«Аида» операсын сахнада 200-ден астам өнерпаз сүйемелдейтін болады

«Аида» операсын сахнада 200-ден астам өнерпаз сүйемелдейтін болады

Бұл туралы «Аида» операсының сахналық қойылымының авторы, РФ Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Юрий Александров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

 

«Қойылымға заманауи техникалық қолдау көрсетіледі. Сахнада бір мезгілде 200-ден астам адам жұмыс істейтін болады. Олардың арасында хор әншілері, солистер, балет бишілері, 100-ден астам әскерилер және т.б. Олардың көпшілігі шымылдықтың арғы жағында жарықпен, дыбыспен жұмыс істейді», - деді ол.

 

Ю. Александровтың айтуынша, бұл өте қымбат жоба, өйткені онда тек сахна жасалып қана қоймай, 1300-ден астам көрерменге арналған орын да ұйымдастыру қажет.

 

«Астана Опера» өткізетін қойылымда міндетті түрде ардагерлер мен зейнеткерлерге және мүгедектерге кемінде 15 орын белгіленеді», - деді Ю. Александров.  

 

www.strategy2050.kz

 

Сан-Карло театры романтикалық һәм тылсым «Жизельді» ұсынады

Сан-Карло театры романтикалық һәм тылсым «Жизельді» ұсынады

Әлемнің ең көне Сан-Карло театры Қазақстанға алғаш рет гастрольдік сапармен келеді. 5-6шілдеде «Астана Опера» сахнасында Адольф Аданның «Жизель» балеті норвегиялық ұлттық балеттің прима балеринасы Иоланда Корреаның және премьері Йоэль Карреньоның қатысуымен өтеді. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлады.

 

Жизель партиясын Иоланда Корреа, ал оның серігі Йоэль Карреньо ханзада Альберттің рөлін сомдайды.

 

60 адамнан тұратын неаполитандық театрдың балет труппасы қойылымды КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлық иегері Людмила Семеняканың авторлығымен ұсынады.

 

Қойылымның мазмұны бойынша Жизель есімді ауыл қызы Альберт есімді шаруа болып киінген ақсүйекке ғашық болады. Альберттің қалыңдығы бар екенінен хабарсыз болған қыз көп ұзамай шындықпен бетпе-бет келеді. Жизель жауапсыз сезіммен, алданған жүрегімен бетбе-бет келіп, қайғыға беріледі. Осылайша, ол көз жұмады. О дүниелік болса да, ол өзін сатып кеткен жігітті сүйетіні соншалық, түн ішінде өзінің қабіріне келген Альбертті кекшіл виллисалардан құтқарады. 

 

«Астана Опера» театрында әйгілі «Бақшасарай бұрқағы» балеті қойылады

«Астана Опера» театрында әйгілі «Бақшасарай бұрқағы» балеті қойылады

2015 жылдың 27 маусым және 3 шілдеде Астана күні қарсаңында «Астана Опера» театрында Б. Асафьевтің «Бақшасарай бұрқағы» балеті қойылады. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлады.

 

Қойылымның мазмұны бойынша татардың қатігез қолбасшысы Герей хан әскерімен келіп, князь қызы Марияның туған күніне орай өтіп жатқан салтанатты кеште польшалық қамалды басып алады. Жергілікті халықты қырып салған Герей хан, Марияны көргенде ессіз ғашық болады. Сұлулығы күн нұрымен таласқан патша қызын тұтқынға алып, Бақшасарайға алып келеді. Сол жерде Мария Гирейдің сүйікті жұбайы Заремаға кезігеді. Герей хан Марияны өзәне қарата алмай әлек болады. Хан сарайында үлкен дау туып, Зареманың қызғанышы ақыры Марияның түбіне жетеді. Қара жамылған Герей ханды енді жұбату мүмкін емес еді...

 

Осылайша, қызғаншақ Зарема, сезімтал Мария және Герей хан арасындағы махаббат хикаясы баяндалатын балетті ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері Тұрсынбек Нұрқалиев және Ғалия Бөрібаева қойды.

 

«Тамаша аңыз... Тамаша балет...» атты мақаласында сыншы былай деп жазады: «1934 жылы В. Ходасевич өте жақсы көркемдеген және сол сценографиямен күні бүгінге дейін Мариинский театрында қойылып келе жатқан спектакльмен салыстырғанда қазақтың «Бұрқағы» анағұрлым өзгеше әрі жақсы», - деп А. Ваганова атындағы Орыс балеті академиясының доценті Ольга Розанова баға берген.