XXI ғасыр спектаклі – «Аида»

XXI ғасыр спектаклі – «Аида»

Театрдың ең көркем қойылымдарының бірі саналатын «Аида» операсы 26 ақпан күні көрермендерін қуантпақ. Үлкен театрдан келген баритон, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Юрий Нечаев Амонасро партиясын, ал болгарлық тенор Камен Чанев Радамес партиясын орындайды. Басты партияданы «Астана Опера» театрының жетекші солисті Жұпар Ғабдуллина орындайды

Аты аңызға айналған итальяндық режиссер әрі сценарист Ф.Дзеффиреллидің «Аида» туындысы – XXI ғасырдың спектаклі деген атқа ие болған. Қойылымда шоу элементтері, мысыр құдайларының алып мүсіндері, жарқыраған әшекейлі костюмдер мен әлемнің жетінші кереметі – көне пирамидалар бейнеленеді.

Камен Чанев шығармашылық жолда айтарлықтай белсенді. Дарын иесі Венаның мемлекеттік операсы, Баварияның мемлекеттік операсы, Венециядағы «Ла Фениче» театры, Франкфурт, Берлин, Цюрих, Варшава, Барселона, Дублин, Пальма-де-Майорка, Валенсия, Севилья, Токио, Антверпен, Тель-Авив және басқа театрларда өнер көрсеткен.

Қойылым қаншалықты әсерлі де, ауқымды болса да, Дж. Вердидің әйгілі музыкасы ерекше орынды иеленеді. Осы саздың сарынымен көпшілік ат салысатын күрделі көріністер, салтанатты шерулер, билер мен әндер, шиеленіскен қайшылықтарға толы драма баяндалады. Қатыгез абыздар бейнесі арқылы Дж.Верди діни қызметкерлердің зұлымдыққа қаншалықты жек көретінін айшықтайды, өз кезегінде бұл зұлымдыққа Аида мен Радаместің жан сұлулығы һәм өнегелі қажырлығы қарсы тұрады, олардың махаббаты барлық сынға төтеп беріп, өлім алдында да тізе бүкпейді. Аталмыш опера адам баласының асқақ сезімінің әнұраны іспетті.

 

www.astanaopera.kz