«Қазақтың сәндік-қолданбалы өнері»

Жоба қазақ этномәдениетінің, қолданбалы өнерінің сәні мен тереңдігін, тарихи маңыздылығын айшықтайтын арнайы деректі фильмдерді ұсынып отыр. Ғылыми және тарихи мазмұнынан басқа фильмнің әр санын еліміздің түкпір-түкпірінде (тауда, сайын сахарада, теңіз, құмдарында) түсіріп, актерлардың қатысуымен ұлттық нақышта салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды көрсетіп, қазақ халқының дәстүрлі ән-күйі айтылып, тарихи жиһаз бен құрал-жабдықтарға дейін «сахналық көріністе» баяндалады.
Жоба 8 деректі фильмнен тұрады:
1. Қазақ киіз үйі
2. Киіз немесе үзік
3. Қазақтың зергерлік өнері
4. Қазақтың кілем тоқу өнері
5. Ағаш өңдеу өнері
6. Былғары және тері тоқу өнері
7. Кестелеу және ою-өрнек тігу
8. Қазақтың ою-өрнегі.
Продюсер: Жанна Исабаева
Хронометраж: 25 минут
Жиілігі: апта сайын
Жанр: мәдени-танымдық
Тілі: қазақ
Байланыс телефоны: +7 7272 794 015
e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.