«Өнертапқыш»
Қазақстанда сазсырнайдың жаңа түрі пайда болды
Саз балшықтан бұйым жасау - ежелгі кәсіп. Бүгінгі таңда бұл салада жаңалық енгізу мүмкін емес сияқты. Ал ғасырлар бойы қалыптасқан сазсырнайды өзгерту - тіпті ерекше жағдай. Шымкенттік этнограф, шебер Кендебай Қарабдалов әдеттегі 2 ойықты сазсырнайды енді 10 ойықты етіп жасап шығарды.