«Жүздесу»
Баянғали Әлімжанов: Айтыс өнері – өмірдің айшықты айғағы
Бірде айтыскер ақын Баянғали Әлімжановтан алғаш «Айтысқа неге келдің?» деген сұраққа, ол:
Толғам болған ойларды бұздырғалы келгенмін,
Суып қалған қандарды қыздырғалы келгенмін.
Кеудемдегі жалыным сөнбесін деп келгенмін,
Айтыс дейтін киелі қазағымның өнері өлмесін деп келгенмін, - деп жауап береді екен.
20 жыл бойы ақындар айтысына қатысып, ел тәуелсіздігін жырлап, жастар арасында ақындық өнерді дәріптеп жүрген Баянғали Әлімжановпен болған жүздесу қызықты әңгімеге толы болмақ.