Прагада ортағасырлық шайқас бойынша әлем чемпионаты өтті

Прагада ортағасырлық шайқас бойынша әлем чемпионаты өтті

Чехия астанасы Прагада ортағасырлық шайқас бойынша әлем чемпионаты өтті. «Ұлттар шайқасы-2016» деген атаумен ұйымдастырылған жарысқа АҚШ, Бразилия, Чили, Аргентина, Австралия, Жаңа Зеландия және Ресей елдерінен келген 700 жауынгер қатысты. Олардың әрқайсысы киген сауыттың салмағы 20 кг-ға жетеді. Сайыс кезінде олар қолдарына найза мен семсер ұстап, жекпе-жек, 5 және 21 адамнан тұратын екі топқа бөлініп, шайқасты. Қарулары өткір болмағандықтан, адам денсаулығына зиян келтірмейді. Тарихи сайыс Прагада осымен қатарынан 7 жыл бойы өткізіліп отыр. Чемпионатта ресейлік батырлар жеңіске жетті.

 

 

 

Сурет: tvoicenter.com


×