Алматыда өтетін қысқы универсиада осы жарыс тарихындағы ең ауқымды шара болмақ

Алматыда өтетін қысқы универсиада осы жарыс тарихындағы ең ауқымды шара болмақ

Алматыда өтетін қысқы универсиада осы жарыс тарихындағы ең ауқымды шара болмақ. Онда 57 елдің спортшылары бақ сынайтын болады. Бұған дейін қатысушылар саны жөнінен Түркияда өткен универсиада есте қалған еді. Онда 52 елдің спортшылары шеберлік байқасқан. Қазақстандық универсиаданың ауқымы одан да кең болайын деп тұр. Өйткені, шараға қатысатын мемлекеттердің нақты саны қаңтардың бірінде анықталады. Бүгінде елімізде дүбірлі додаға дайындық қызу. Бәрі жоспарға сәйкес.

 

Ерлан САҒАДИЕВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ:

Оқу жаттығу жұмыстарына мәдениет және спорт министрлігінң бұйрығымен бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр. 12 түр бойынша оқу-жаттығу жұмыстарына 335 млн теңге бөлінді. Оқу жаттығу жұмыстарына 227 спортшы қатысатын болады.

 

Қысқы универсиаданың ұйымдастыру дирекциясы маркетинг және менеджмент жұмыстарына да көп көңіл бөліп отыр. Тек елімізде ғана емес, шет мемлекеттер нарығында да сапалы өнімдерімен брендке ие болған компаниялармен келісім жасалған. Әлемнің әр түкпірінен келетін спортшылар мен туристерді дәмді тағам, таза сусындармен қамтамасыз етумен қатар, қауіпсіздікке де ерекше  назар аударылуда.

 

Дидар САҒАДИЕВ, УНИВЕРСИАДАҒА ДАЙЫНДЫҚ ДИРЕКЦИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ:

Осы универсиадаға мәзірін дайындаған кезде біз бірінші талап ретінде осы Қазақстандағы ең жоғары деңгейдегі талапты қойдық. Неге десеңіздер, бүкіл әлемнен әртүрлі жаңағы халәл дейді, еуропалық, азиялық тамақтандыру жұмыстарын атқару аясында біз бүкіл осы спецификасын ескеріп, біздің нарыктағы ең үлгілі, ең бір сапасы жоғары компанияларды таңдап, солармен жұмыс атқардық. 

 

Дүбірлі дода қаңтардың 29-ы мен ақпанның 8-і аралығында өтеді. Спорттың 12 түрінен 8 нысанда жарыс ұйымдастырылады. Бүгінде «Алматы арена», «Халық арена» және «Атлетикалық ауыл» пайдаланылуға беріліп қойған.


×