Тұңғыш Президент және Тәуелсіздік күндеріне арналған көрмелер

Тұңғыш Президент және Тәуелсіздік күндеріне арналған көрмелер

«Егеменді ел мен Елбасы!» Елордада Тұңғыш Президент және Тәуелсіздік күндеріне арналған қос бірдей көрме  өтіп жатыр. «Тәуелсіз елдің тарихи негізі» көрмесінде Нұрсұлтан Назарбаевтың өткенді зерделеп, насихаттау жөніндегі бағдарламалық құжаттарды іске асыру барысында Ұлы даланың шежіресі мен мәдени мұрасын жаңғыртуға қосқан үлесін көрсететін фото, бейне және дәстүрлі құжаттар ұсынылды. Ал«Дипломатиялық сыйлықтар – адамзаттың мәдени мұрасының құрамдасы бөлігі» атты көрмесінде 70-тен аса сағат өндірісінің бірегей үлгісі қойылған. Негізін Елбасына сырт мемлекеттер, халықаралық ұйымдар мен қорлардың, шетелдік делегациялардың, Қазақстан мен оның көшбасшысының жаһандық беделін құрметтеудің белгісі ретінде ұсынған сыйлықтар құрайды. Экспонаттар арасында XVIII ғасырдың екінші жартысындағы өнеркәсіптік революцияның алғашқы бу машиналарына қатысты «Паровоз» сағаты бар. Сондай-ақ, 3000 жылға дейінгі күнтізбесі бар әлемдегі жалғыз сағат және басқа да көптеген сирек кездесетін жәдігерлерді көруге болады. Көрмелерді жыл соңына дейін тамашалуға болады.

Күләйша Ақтаева, ҚР тұңғыш президенті – Елбасы кітапханасы директорының орынбасары:

- Екі көрменің ерекшелігі әрине  Елбасының жеке қорынан ұйымдастырылған. Біз парақтап, мұрағат материалдарын ашатын болсақ, ол жерде мәдени мұрамыз бен тарихи негізімізді қалыптастыру мен жаңғырту туралы біздің мемлекеттік саясатымыз туралы баяндайтын біраз деректерді табуға болады. Әрине, осындай көрмеде біріншіден біз 30 жылдан бері жасалған еңбек туралы экспозицияларды қоюға тырыстық. Ал екінші бөлігі көп векторлы сыртқы саясаттың негізінде Елбасының жеке феномені деуге болады. Өйткені екіжақты қарым-қатынасты жақсы қалыптастыру және жаңғырту - Елбасының ерекше адамгершілігі және саясаткер ретінде үлкен құрметке ие болған тұлға деп айтуға болады. Сондықтан сыйға тартылған заттар тек бір елдің мемлекеттің байлығы ғана емес, бүкіл әлемнің тарихи-мәдени мұрасының бірлестігін көрсетеді.

 

Фото: inform.kz


×