Журналистер жалған ақпаратпен күресте күш біріктірмек

Журналистер жалған ақпаратпен күресте күш біріктірмек

  Журналистер жалған ақпарат эпедемиясымен күресте күш біріктіруі қажет. Себебі соңғы кездері бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің көпшілік арасына таралып кеткен жалған мәліміттердің ақ-қарасын анықтауы екі есеге артқан. Бұл туралы видеоконференция режимінде  өткен «Бір білдеу- бір жол»   журналистік ұйымдар форумының қатысушылары сөз етті.

Тимур Шафир, Ресей Журналистер Одағы халықаралық бөлімінің хатшысы:

- Пандемия түрткі болған экономикалық дағдарыс тағы бір қиындықты тудырды, ол -  сенім дағдарысы. Фэйк-ньюз толқыны күшейген сайын халықпен жақындық алшақтап барады, адамдар арасында сенім жоғалып, күдік күшеюде. Біз бұған  жол бере алмаймыз. Журналистік заңдылықтар мен қағидаларды ұстаным ете отырып журналистер мен халық арасындағы сенім мен диалогты қалпына келтіре аламыз.

Сюй Линь, ҚХР Ақпараттық бюро Мемлекеттік Кеңесінің директоры:

- Журналистер пандемиямен күресте әлемнің әр түкпіріндегі адамдардың  жанкештілік пен күш-жігер танытып жатқанының куәгерлері.  Олар мемлекеттер арасындағы сенім мен достықты нығайтуға зор үлес қоса алады. Біздің форумымыз бірлесе әрекет етуге дәнекер болуға дайын.  Әр мемлекеттегі журналистік ұйымдар осы жолда бірлессе, әріптестік нығайып, адамдардың сенімі арта түсер еді деп ойлаймын.  

 

Фото: minsknews.by


×