Қазақстан үшінші жыл қатарынан «Junior Eurovision» байқауына қатысады

Алдағы жексенбіде  «Junior Eurovision» халықаралық балалар ән байқауының жеңімпазы белгілі болады.  Ал қатысушыларға дауыс беру қараша айының 28-інде түнгі  сағат бірде басталады. Әр адам 3 мемлекеттің әншісін таңдай алады. Ол үшін junioreurovision.tv немесе jesc.tv сайтына кіру керек. Биыл Қазақстан бұл байқауға үшінші жыл қатарынан қатысып отыр. Бұған «Хабар» агенттігінің Еуропалық хабар тарату одағының мүшесі болуы мүмкіндік беріп отыр. Бұл жолы  ел намысын Қарақат Башанова қорғайды. Жас әнші ұлттық іріктеуде жеңіске жетіп, әкесіне арналған «Forever» әнін орындайды. Туындыны авторы – өткен жылы Junior Eurovision-де өнер көрсеткен Ержан Максимнің «Арманыңнан қалма» әнінің авторы Хамит Шанғалиев. Онлайн форматта өтетін ән додасының ақтық сыны «Хабар» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Ринат Кертаев, «Хабар» Агенттігі» ақ басқарма төрағасының бірінші орынбасары:

- Осы маңызды додада әрқайсыңыздың дауыстары керек. Себебі, біз үшін көбінесе басқалар дауыс береді. Немесе артық 1-2 минут таппай, дауыс бермей жатамыз. Ақырында сол дауыс шешуші рөл ойнауы мүмкін. «Хабар» агенттігінің Еуропалық хабар тарату одағының мүшесі. Бұған дейін байқауға Данелия Тулешова, Ержан максим барды. Енді Қарақатқа төртеу түгел болса, төбедегі келеді, бәріміз бір адамдай қолдап, дауыс берсек дұрыс болатын еді.

Қарақат Башанова, «Junior Eurovision 2020» байқауына қатысушы:

- Қобалжу әрине бар. ұлттық іріктеуде де қатты қобалжыған болатынмын. Қазірдің өзінде гранд финал жақындаған сайын қобалжуым арта түсуде. Бірақ Қазақстанды жоғары деңгейде көрсетуге қолымдағыны жасаймын.

 

Автор: Жеңіс Ермұқанов

Фото: inform.kz


×