Биылғы онлайн форматтағы IX Азаматтық форумға 10 мыңға жуық азамат қатысқан

Елордада ІХ Азаматтық форум онлайн өтуде. Бұған дейін республикалық форумға өңірлерден қатысушылар арнайы сайланып келсе, биылғы онлайн шараға еліміздің әр өңірінен бүгінге дейін 10 мыңға жуық азамат қатысқан. Ұйымдастырушылардың айтуынша, видеоконференция арқылы белсенді қатысушылардың саны 1000-нан асқан.

Болат Тлепов, ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі:

– 9-шы Азаматтың форум еліміздің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылып отыр. сондықтан да мұнда көтеріліп отырған әр мәселенің орны бөлек, өзекті. Биыл онлайн форматтағы форумға қатысушылар санына шектеу жоқ. Азаматтар республиканың кез келген өңірінен онлайн қосылып, қоғамды толғандыратын түйткілді мәселелер бойынша дикуссиялық алаңдарға қатысуға мүмкіндік алды. Қазірдің өзінде форумның шараларының барлығы 10 мыңға жуық адам онлайн көріп, ютуб арқылы 2000, фейсбук парақша арқылы 4000 адам кіріп, форумның жұмысымен танысып отыр.

Биылғы форумның идеялық мазмұнына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы арқау болып отыр.

Болат Тлепов, ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі:

– осымен 4-ші күнге жалғасып отырған биылғы форумның ерекшелігі қандай? Біріншіден, форумға қатысудың баршаға ортақ қолжетімділігі.Форумның бағдарламасы таңғы жетіден түнгі он екіге дейін жалғасады. Екіншіден сұхбат алаңдарына өңірлік үкіметтік емес ұйымдар кеңінен қатысуда. Кәсіби ҮЕҰ-дар тек ірі қалаларда ғана бар деген пікір бар. Оны биылғы форумның жұмысы толық жоққа шығарды. Өйткені біздің шараларға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыс орталықтарынан ғана емес, шалғай аудандарда жұмыс істейтін қоғамдық бірлестік жетекшілері де қатысуда.

Азаматтық форумға бастапқыда бюджеттен 16 млн теңге бөлінген, алайда шара онлайн форматта өтетіндіктен қаражат 3 есеге қысқарғандығын атап өткен жөн.
 

Фото: gurk.kz


×