«Junior Eurovision 2020» ән байқауына дайындық

Junior Eurovision Халықаралық балалар ән байқауына санаулы күндер қалды. Әлемнің 12 елінің талантты балалары виртуалды сахнада бақ сынайды. Яғни, додаға қатысатын әр бала өз елінде өнер көрсетеді.  Осыған байланысты орындаушылардың вокалдық өнерлері әндеріне  түсірілген бейнебаян арқылы бағаланатын болады. Қазірдің өзінде жанкүйерлер өз болжамын жасауда. Жарыста елімізді таныстыратын Қарақат Башанованың өнеріне әлеуметтік желіде оң баға беріп жатқандар аз емес. Жас әншіге арнайы жазылған «Форевер» әні жүректі тербейді, - дейді олар.

Айзада Пернеқұл, студент:

- Мысалы мен бірінші рет көргенде Қарақаттың өнерін, көзіме жас келді, өзімнің қалай жылағанымды байқамадым. Өйткені ол менің жүрегіме жетті.

 Бабы келісіп тұрған қатысушылардың қайсысының бағы шабатыны әзірге белгісіз. Бірақ, қазақстандықтар Қарақатқа үлкен үміт артып отыр.

Ердана Ержанұлы, студент:

- Қарақатқа қазақстандықтар ретінде зор үміт артамыз, әрі шетелдіктер арасында да көптеген жанкүйерлер, тыңдармандар бар. Қарақаттың өзінің әнінің қойылымының жеке өзінің бір қаймағы бар.

 Мұрат Құсайынов, әнші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:

- Осындай додаға түскенде менің байқайтыным, 0145 СКЛ. өте талантты, керемет әншілер жолда түсіп қалады. Себебі неден? Себебі қобалжудан. 0424 Ән айтқан кезде мен жеңуім керек еді деген ойды алып таста. Сен өзіңді өзің көрсетуің керек. Әнші ретінде, артистка ретінде. Артыңда миллиондаған қазақ отыр. Оның ішінде мен де бармын.

 Интернет желісіндегі бағалау бойынша әзірге Испания көш бастап тұр. Алғашқы үштіке Польша мен Беларусь елі де кіреді. Қазақстан әзірге жетінші орында. Ал, нақты жеңімпаз 29 қарашада белгілі болады. Junior Eurovision Халықаралық балалар ән байқауы «Хабар» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

 

Фото: youtube.com


×