Қ.Тоқаев: «2023 жылға қарай Қазақстандағы дәрігерлердің жалақысы 2,5 есе өседі»

Қ.Тоқаев: «2023 жылға қарай Қазақстандағы дәрігерлердің жалақысы 2,5 есе өседі»

Қазақстандағы дәрігерлердің жалақысы 2023 жылға қарай 2,5 есе өседі. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. Президент алда болуы мүмкін жаңа эпидемияларға дайын болуымыз қажет екенін айтты. Осыған байланысты мемлекет медицинаны дамытуға үлкен мән бермекші. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, жақында цифрландыру, телемедицина, биологиялық қауіпсіздік инфрақұрылымын біріктіретін Бірыңғай ұлттық жүйе құрылатын болады. Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында екі ғылыми-инновациялық көпбейінді клиникалар салынады. Сонымен қатар, Тоқаевтың айтуынша, өңірлік медицинаны дамыту үшін барлық облыста 20 заманауи медицина орталығы салынады. Ал, денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көлемі ЖІӨ-нің кемінде 5 процентін құрайды. Қасым-Жомарт Тоқаев басты мақсат – қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығын 75 жылға дейін ұлғайту екенін атап өтті.

 

Фото: 365info.kz


×