Елордалық шебер Абайдың гиперреалистік мүсінін жасады

Абайдың 175 жылдығына енді бір ерекше тарту. Елордалық мүсінші Айдос Есмағамбетов ұлы ақынның шынайы кейпіне барынша жақын мүсін жасап шығарды. Гиперреалистік туынды балауыз бен силикон материалдарынан әзірленген. Автор хәкім Абайдың түр-тұлғасын, сол кездегі киім үлгісін жан-жақты зерттеп, жаңаша әдіс-тәсілдер арқылы эстетикалық көркемдігін, бірегейлігін жеткізуге тырысқан. Шебер мүсіннің өлшемдері мен пішінін нақты келтіру үшін ақынның түпнұсқалы суретін негізге алған. Нәтижесінде әйгілі Мадам Тюссо музейі экспонаттарынан безендірілуі мен сапасы еш кем түспейтін Абайдың баламасы жоқ жаңа мүсіні дүниеге келді, дейді мамандар.

АЙДОС ЕСМАҒАМБЕТОВ, СУРЕТШІ, МҮСІНШІ:

 - Суреттен қарап отырып, зерттеп оның мұрны мен көзінің арақашықтығы қанша сантиметр, оның барлығы математика және сезім арқылы шығару керек. Шапаны мен өзге киімдерін тігінші, реставраторға тапсырыспен беріп, ол кісілер сол заманда қандай материалдар кигенін зерттеп барып тікті. Сол бойынша шынайылыққа барынша жақындатып, киімдері болсын, мүсіннің бейнесі болсын шынайы өмірдегідей болды.

 

Фото: inform.kz


×