Qazaq TV арнасының хабар тарату көкжиегі кеңейді

Qazaq TV арнасының хабар тарату көкжиегі кеңейді. Әлемнің 118 еліне хабар таратып, 300 миллион көрермені бар телеканалды енді Түрікменстан елінің тұрғындары да тамашалай алады. Бұл туралы Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева хабарлады.

«Түрікменстанда тұрып жатқан қандастарымыз үшін керемет жаңалық, енді олар Атамекендегі оқиғалардан хабардар болып, жаңалықтар мен бағдарламаларды ана тілдерінде біліп отырады. Бұл қадам шетелдегі қандастарымызбен мәдени және әлеуметтік байланыстарды нығайтуға ықпал етері анық», - дейді министр.  Атап өтерлігі, «Хабар» Агенттігінің құрамына кіретін «Хабар24» телеарнасы да Түрікменстанда хабар тарататын болды.


×