Абай шығармаларының ағылшын тіліндегі жинағы жарық көрді

Ұлыбританияда хәкім Абай еңбектерінің ағылшын тіліндегі алғашқы толық жинағының тұсаукесері өтті. Игі іс қазақтың ұлы классигінің 175 жылдығы аясында жүзеге асырылып отыр. ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова онлайн-презентацияда ақын, философ және ағартушының отандық жазба әдебиетті дамытуға қосқан үлесін атап өтті. Ұлы ақынның мұрасы қазақшадан ағылшыншаға тікелей, түпнұсқаға барынша жақын аударылған. Әзірге шектеулі тиражбен шығарылатын кітаптар жергілікті университеттер мен кітапханаларға таратылады, сондай-ақ, онлайн оқуға да мүмкіндік бар.

АҚТОТЫ РАЙЫМҚҰЛОВА, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ:

-  Ағылшын тілі – миллиардтан астам адамның ортақ тілі. Абайдың толық шығармалар жинағының ағылшын тіліне аударылуы – ақын шығармалары миллиард оқырманға ұсынылды деген сөз.

ПИТЕР ФИЛЛИПС, КЕМБРИДЖ УНИВЕРСИТЕТІ БАСПАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Жоба бойынша Қазақстандағы серіктестерімізбен жұмыс жасай отырып, біз қазақтың бай мұрасын әлемдік қауымдастыққа таныстыра аламыз деп үміттенеміз. Жинаққа 145 өлең, 3 поэма және «Қара сөздері» енгізілді.

 

Фото: 24.kz


×