Қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін алған кезде табыс салығын бөліп төлейді

Қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін алған кезде табыс салығын бөліп төлейді

Азаматтар зейнетақы жинағындағы қаржының бір бөлігін алған кезде бір реттік табыс салығын төлемеуге мүмкіндік алады. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлімдеді.

Сенат төрағасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылдан бастап азаматтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға мүмкіндік беру жөнінде тиісті мемлекеттік органдарға тапсырма бергендігін, алайда бұл қаражат үшін табыс салығын төлеу қажет екендігін атап өтті. Ал бұл мәселе қоғамда наразылық тудырған еді. Сондықтан сенаторлар бұл төлемді кейінге шегеруді және бірнеше жылға бөліп төлеуді ұсынды.

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

– Зейнетақы жинағындағы қаржының бір бөлігін алдын ала алған кезде оның 10 пайызын бір реттік салық ретінде төлеу керектігі белгілі. Оны қазіргідей күрделі кезеңде азаматтар үшін тиімсіз деп есептейміз. Сондықтан аталған салықты зейнетақы жинағын алған кезде емес, тек зейнетке шыққан соң ғана төлеу ұсынылып отыр. Оның өзінде, бәрін бірден аудармай, заң жобасына 16 жылдың ішінде бөліп төлеу туралы норма енгізілді.

 

Фото: inbusiness.kz


×