Жоғары білім жүйесіндегі жаңашылдықтар

Жоғарғы білім беру жүйесінде қағазбастылықтан арылу. Оқытушылардың күнделікті есебі артта қалды. Бұл жұмыс толықтай онлайн үлгіге көшіріледі. Жоғарғы оқу ордаларындағы осы және өзге де жаңалықтар жөнінде білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов баяндады.

Осылайша, білікті мамандар даярлау ісінде кедергі болатын бірқатар міндетті ережелер алынып тасталады. Мирас Дәуленовтың айтуынша, ел университеттеріне ең алдымен тәжірибе жүзінде жұмыс жасайтын қызметкерлер керек. Оның мәлімдеуінше, сондай-ақ, оқу бағасы мен грант құнының сәйкестігі жөніндегі талапта енді ескерілмейтін болады.

МИРАС ДӘУЛЕНОВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

 - Бұның барлығы жоғарғы білім беру жүйесіндегі уақыттық шектеулерді алып тастау үшін жасалып жатыр. Бұған қоса, жоғарғы оқу орындарындағы есептер көлемі біршама қысқартылды. Бұл - негізінен тікелей оқытушыларға қатысты есептер. Олар көп уақыт алады. Маңызы да шамалы. Естеріңізде болса, бұған дейін студенттер, магистранттар және докторанттардың сынақ кітапшалары алынып тасталған еді. Енді жақында қабылданған бұйрыққа сәйкес, оқытушылар мен басқа да қызметкерлердің жұмыс күніне қатысты есеп беру үрдісі алынып тасталды. Бұның бәрін электронды үлгіде жасауға болады. Оны қағаз түрінде толтырудың қажеттілігі жоқ. Бұл оқытушылардың жұмысын айтарлықтай  жеңілдетеді.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

 

Фото: kapital.kz


×