Astana Media Week 2020 қарашаның 11-13 күндері өтеді

Astana Media Week 2020 қарашаның 11-13 күндері өтеді

Медиа-нарықтың тенденциялары «Astana Media Week 2020» форумында талқыланады. 11-13 қараша күндері өтетін шараның онлайн алаңына танымал журналистер, редакторлар, продюсерлер, продакшн студиялар мен отандық ақпарат құралдарының өкілдері бас қосады.

Медиа апталыққа қатысушылар «Медиаконтент тұтынудың жаһандық трендтері – болжамдар, медианы дамыту сценарийлері, жаңа трендтер, жарнама нарығына шолу», «Пандемия және БАҚ-қа деген сенім дағдарысы, қазіргі дағдарыстарға арналған тиімді әдістерді іздеу», «Редакциялардың жаңа жағдайдағы жұмысы» және т.б. тақырыптарды талқыламақ.

Сонымен бірге, медиа саласындағы кадрлық әлеуетті арттыруға және дамытуға бағытталған заманауи медианың өзекті тақырыптарына арналған семинарлар сериясын өткізу жоспарланған. Соңғы күні баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы «Үркер 2020» ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінің онлайн көрсетілімі өтеді. Шара аясында отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының, еліміздің барлық өңірлеріндегі продакшн-компаниялардың қатысуымен көрме ұйымдастырылады.

 

Фото: inform.kz


×