Шоқан Уәлихановтың туғанына 185 жыл

Шоқан Уәлихановтың туғанына 185 жыл

Биыл қазақ халқының көрнекті тұлғаларының бірі, есімі аңызға айналған адам – Шоқан Уәлихановтың туғанына 185 жыл. Шоқан – ғалым, ағартушы, филолог, әдебиетші, тарихшы, шығыстанушы, зерттеуші, географ, этнограф және саяхатшы. Аты аңызға айналған тұлғаның бойына бірден бірнеше қабілет дарыған. Қысқа, бірақ мәнді ғұмырында ол 6 зерттеу томын жазып қалдырды, бұған қоса өзі салған  графикалық суреттері басып  шығарылды. Шығыс, орыс және Батыс Еуропа әдебиетін терең меңгере отырып, бірқатар ғылыми еңбектер шығарып, көшпелі халықтардың өмірі мен мәдениетін зерттеді.

Алайда оған үлкен танымалдылықты 1858-1859 жылдары Қашқарияға жасаған саяхатының нәтижесінде жазылған еңбектері әкелді.Ол еңбектерінің ішінде ғалымның замандастары шынайы географиялық жаңалық деп санайтын «Алтышаһардың, яғни Қытайдың Нан лу уәлаятының шығыстағы алты қаласының жайы» атты еңбегі ерекше қызықты. Уәлиханов бұл еңбегімен халық ғылымына, отандық және әлемдік ғылымға зор үлес қосты. Туған жеріне деген сүйіспеншілік, халықпен терең байланысы Шоқан Уәлихановты болашақты сол кезден болжауына мүмкіндік берді. Ал оның ғылым мен этнографиядағы, әдебиет пен тарихтағы жан-жақты қызметі тек ұлы дала кеңістігінде ғана емес, одан тыс жерлерде де мәңгі мойындалып, құрметке ие болып келеді.

 

Фото: ibirzha.kz


×