Әліппе 2021 жылы енгізіледі

Әліппе 2021 жылы енгізіледі

Елімізде «Әліппе» оқу бағдарламасы бойынша оқулық әзірлеу жұмыстары басталды. Оқулықтар келесі жылдың қаңтар айынан бастап мектеп бағдарламасына енбек. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мәлімдеді.

Оның сөзінше, министрлік пилоттық мектептердің тізімін бекіткен. Сонымен қатар, ата-аналардың ескертулері бойынша қазіргі оқулықта баланың физиологиялық жас ерекшелігі ескерілген.

Айта кетейік, оны әзірлеу бойынша жауапты министрлік өкілдері мен ұстаздардан бөлек тілтанушы ғалымдар да тартылды. Осы уақытқа дейін жұмыс тобының 20-дан астам отырысы өтті.

ШОЛПАН КАРИНОВА, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

 - «Әліппе» Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде дайындалуда. Жұмыс тобындағы барлық ғалымдар мен мұғалімдер тарапынан бұл толық қолдау тапты. Өйткені бұл жүйе оқушылардың біліміне қатысты нағыз талаптарды қамтып отырғандығы, оның ішінде әріптер мен дыбыстардың реттілігі ескеріліп пайдаланылғаны аталып өтті.

 

Фото: mail.kz


×