ҚДБ қаржыландыруы аясында жамбыл облысындағы 5 ауыл газдандырылады

Жамбыл облысында елді мекендердің жартысынан астамы көгілдір отынмен қамтылған. Өңірдегі ескірген газ желісінің 70 проценті қайта  жаңғыртылды. Қазақстанның Даму Банкінің қаржыландыруы аясында 2011 мен 2019 жылдар аралығында аймақтағы әбден тозығы жеткен құбырлардың 1000 шақырымы жаңасына алмастырылды. Осының арқасында жамбылдықтардың игілігі үшін  табиғи газ үздіксіз жеткізіліп тұрады. Бұған қоса инвестициялық жоба аясында жақында Қордай ауданында ұзындығы 42 шақырымды құрайтын енді бір газ құбырының заманауи желісі тартылмақ. Нәтижесінде 50 мыңнан астам ауыл тұрғыны табиғи газбен қамтамасыз етіледі.  Газ құбырларынның құрылысы мен жаңғырту жұмыстары «Бәйтерек» ұлттық холдингінің еншілес Қазақстанның даму банкімен қаржыландырылды.

СӘКЕН ИСМАЙЛОВ, «ҚАЗТРАНСГАЗ АЙМАҚ» АҚ ЖАМБЫЛ ӨНДІРІСТІК ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Бұған қоса «ҚазТрансГазАймак» Қордай ауданының тағы 10 елді-мекенін газдандыру ісін қолға алды. Жобаны Жамбыл әкімдігі құрды. Осының арқасында шамамен 73 километр газ құбырын төсеу көзделген.  «ҚазТрансГазАймак» инвестициялық бағдарламаның есебінен 42 шақырымын салды. Бұл жобағада Қазақстанның Даму Банкінен қаржы тартылды. Тараз қаласын жаңғырту жобасын жүзеге асыру үшін Қазақстанның Даму Банкінен 16 миллиард теңге бағытталды. Ал, Қордай ауданына полиэтиленнен жасалған жоғары қысымды газ құбыры желісін жеткізу үшін үш жарым миллиард теңгеден астам қаржы қарастырылып отыр.

Масаншы Қаракемер, Сортөбе, Бұлар батыр, және Ауқатты. Табиғи газ алдымен осы ауылдарға жетеді.  Жобаны жүзеге асыру жыл соңына дейін бес мыңнан астам тұрғын үй, 274 әлеуметтік сала мен кәсіпкерлік нысандарын да қосуға мүмкіндік береді.

ӘСЕМ ШӘКЕНОВА, «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУ БАНКІ» АҚ КЛИЕНТЕРМЕН ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКЦИЯСЫНЫҢ АҒА БАНКИРІ:

 - Қаржыландырудың нәтижесінде өңірлер көгілдір отынмен қамтамасыз етіліп, газдандырылған елді мекен тұрғындарының өмір сүру сапасы арттырылады. Даму банкінің қаржыландыруымен Тараз қаласының, Қызылорда, Ақтөбе және Түркістан облыстарының газ тарату желілері салынып, жаңғыртылды. Үстіміздегі жылдың қазан айында Жамбыл облысының Қордай ауданында 5 елді мекенге газ жеткізу үшін несиелік желі көлемі 3,6 милиард теңгеге ұлғайтылды.

Жалпы Қазақстанның Даму Банкі «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-на еліміздің газ желісін жаңғыртуға 77,5 миллиард теңге бағыттады. Енді ауыл тұрғындары бұдан-былай қауырт маусымда жылу жүйесіне қатысты мәселелер артта қалатынына сенімді. Сондай-ақ, қоғам үшін аса маңызды бастама өңір экологиясына оң әсер етіп, қоршаған ортаны ластайтын зиянды заттардың мейлінше аз бөлінуіне сеп болады дейді, мамандар.

 

Фото: inform.kz


×