Бірқатар аймақтарда санитарлық талаптар күшейтілді

Бірқатар аймақтарда санитарлық талаптар күшейтілді

Қазақстанда өткен тәулікте тағы 442 адам коронавирус жұқтырған. Оның 245-і Шығыс Қазақстан облысында тіркелді. Аймақта қауіпті дерт дендеп бара жатқандықтан жергілікті билік шектеу шараларын күшейтті. Күні кеше шығыста санитарлық 13 бекет қойылды. Оның жетеуі Өскемен қаласының кірер-шығар жолдарында болса, тағы алтауы аудан-қалалардың аумағында жұмыс істейді. Сондай-ақ көрші елдермен шектесетін шекара бекеттеріне де орнатылды. Ал санитарлық талаптарды 11 мониторингтік топ қадағалайды.

АРМАН САҒЫНДЫҚОВ, ӨСКЕМЕН ҚАЛАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК БАС САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРДІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

 - Бізде мониторингтік топтар құрылды.  Өйткені тек санитарлық бекет емес, қаланың ішінде де жұмыс жасалу керек. Ол рейд жасалып, маска тағу сұрағы тексеріледі.

Сондай-ақ, сақтық шаралары Қарағанды облысында да күшейтілуде. 4-ші қарашадан бастап аймақта 3 санитарлық бекет іске қосылады.

Айта кетейік, қазіргі таңда жалпы ел бойынша науқастар саны 112 мыңнан асып кетті. Дегенмен қатерлі індеттен жазылып шыққандар саны да артып келеді. Осы күнге дейін барлығы 106 514 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.     

 

Фото: liter.kz


×