Өзбекстандағы қазақтардың кіші құрылтайы

Шетелдегі қандастарымызға қазақ тілін үйретуге арналған әмбебап оқулықтар басып шығарылады. Бұл туралы Өзбекстандағы этникалық қазақтардың кіші құрылтайы кезінде мәлім болды. Онлайн шараны  Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы «Отандастар» қорының және Өзбекстандағы қазақ ұлттық мәдени орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның айтуынша, қазір әлемнің 9 елінде қазақ тілін үйрету бойынша 22 онлайн сынып жұмыс істейді. Биылғы жылдың соңына дейін олардың санын 31-ге дейін жеткізу көзделіп отыр, деді министр. Қазір еліміздің сыртқы саясат ведомствосы осы бағыттағы жұмыстармен айналысуда.

МҰХТАР КӘРІБАЙ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫМЕН ЖҰМЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 - Биылғы жылы «Отандастар» қорымен бірлесіп «Даналық әліппесі» және «Абай» интерактивті кешендерін шығару қолға алынғаны белгілі. Қазіргі таңда осы «Даналық әліппесі» оқулығының Сыртқы істер министрлігіне 900 данасы алынды. Осының 300-ден астам данасын Өзбекстан Республикасындағы оқу орындарын қамтамасыз ету жоспарымызда бар. Сонымен қатар, жыл сайын сырттағы ұлты қазақ абитуриенттеге бөлінетін квоталарға байланысты еліміздің жоғары оқу орындарына емтихан тапсыру мәселесі маңызды жайттардың бірі болып табылады.

Авторы: Ақзер Сегізбай

 

Фото: tengrinews.kz


×