Шет елге әуе рейстері қысқарады

Қазақстан сырт елдердегі эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, шекаралық бақылауды күшейту туралы шешім қабылдады. Ертеңнен бастап халықаралық рейстер саны қысқарады.

Әсіресе, Түркия, Украина, Германия және Біріккен Араб Әмірліктеріне барыс-келіске шектеу қойылмақ. Атап қайқанда, Стамбул мен Дубайға апта сайын қатынайтын рейстер саны төртеуге, Киев пен Франкуфуртқа екеуге азаяды. Бұл туралы Air Astana әуе компанисының баспасөз-қызметі хабарлады. Ал ішкі рейстердің кестесі өзгермейді.

Алайда еліміздегі азаматтық авиация қауымдастығы комиссияның бұл шешімін құптамайды. Жаңалық жариялана сала Қауымдастық шетелдік рейстерді қысқарту саланы орасан шығынға батыратынын айтып, мәлімдеме жасады.

Олардың айтуынша, бұл шешім әуе компаниялары мен әуежайлардың қызмет тарифін көтеруіне ұласуы мүмкін. Азаматтық авиация қауымдастығының мәліметіне сүйенсек, карантин режиміне байланысты 2020 жылдың екінші және үшінші ширегінде Қазақстан әуежайларының кірісі кем дегенде 70% қысқарған.

 

Фото: turantimes.kz​


×