Қоғам
Абайдың мүсіні тасқа қашалмақ
Қарқаралы шеберлері ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына тарту әзірлеп жатыр. Манарбек Кәрім Қорғантас тауынан әкелген салмағы 3 тоннадан асатын тасқа ойшылдың алып тұлғасын қашап салмақшы. Кейін тас мүсін ақынның туған жері Жидебайға жіберіледі. Айта кетейік, бұл – шебердің екінші жұмысы. Мүсіншінің алғашқы еңбегі Қарқаралыдағы Абай тоқтаған көк үйдің алдына қойылған болатын. Келешекте Манарбек Кәрім Алаш Арыстарының мүсінін жасап шығуды да жоспарлап отыр.
МАНАРБЕК КӘРІМ, ШЕБЕР:
- Аса ауыр болған жоқ. Өйткені кішкене қолымыз жаттығып қалған. Мелмен бір кескіндеп алып, содан қашаумен ұрып, бейнесін келтіріп аламыз, содан кейін заманауи балгарканың көмегімен кескіндеп жатырмыз енді.
Фото: ainews.kz