Нұр-Сұлтан қаласында дәрігерлерге арналған көрме өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан қаласында дәрігерлерге арналған көрме өтіп жатыр

«Елге саулық, дәрігерге құрмет!». Елордада осындау атаумен еліміздің медицина қызметкерлеріне арналған көрме ашылды. 

«Медицина мамандарына деген құрметпен кітап көрмесін ашуды жөн көрдік. Себебі басымыздан өткен осынау қиын заманда бәріміз тәуелді болдық. Дәрігерлер жұмыста қаншалықты маман екенін, жұмысының жоғары деңгейін көрсете білді. Халыққа қызмет етті. Дәрігерлердің арқасында аман-саумыз. Оларға құрмет көрсету – біздің парызымыз», - деді Ұлттық академиялық кітапханасының бас директоры Үмітхан Мұңалбаева.

Іс-шарада кітап-иллюстрациялық көрмесі назарға ұсынылды. Онда медицина саласы бойынша, әсіресе пульмонология мен жұқпалы аурулар туралы кітаптар мен мерзімді басылымдар қойылған. Одан бөлек карантин кезінде батылдық пен төзімділік танытқан дәрігерлердің ғылыми еңбектері, марапаттары және жеке заттары таныстырылды. Коронавирус пандемиясы ұлттық денсаулық сақтау жүйесі үшін үлкен сынақ болумен қатар, еліміздің медицина саласы үшін тәжірибе мектебіне айналып отыр.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

 

Фото: inform.kz


×