Зейнетақыны мерзімінен бұрын алғандар салық төлейді

Зейнетақыны мерзімінен бұрын алғандар салық төлейді

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мерзімінен бұрын алғандар 10% салық төлейді. Бұл жөнінде Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан беретін төлемдерге жеке табыс салығы салынады. Бұл ретте жеке тұлғалар ең төменгі бір жалақы мөлшеріндегі салықтық шегерімді қолдану арқылы салық салынатын соманы азайтуға құқылы. Сонымен қатар халықтың әлеуметтік осал топтары ҰОС қатысушыларына теңестірілген ардагерлер, барлық топтағы мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі жандарды күтушілер, жетім балаларды асырап алған ата-аналар тағы қосымша 882 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде шегерім қолдануға құқылы. Бұл шамамен екі миллион теңгеден сәл асып жығылатын сома.

Еске сала кетейік, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мерзімінен бұрын шешіп алу 2021 жылдан бастап мүмкін болады.

 

Фото: informburo.kz


×