Қоғам
Қ. Тоқаев: «Еліміздегі әр бала мейірімге бөленіп, балалық шағын бақытты әрі қызықты өткізуге хақылы»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықттады.
«Барша қазақстандықтарды Балаларды қорғаудың халықаралық күнімен құттықтаймын. Бұл – өскелең ұрпақтың амандығына, денсаулығы мен қауіпсіздігіне аға буын жауапты екенін еске салатын мереке. Еліміздегі әр бала мейірімге бөленіп, балалық шағын бақытты әрі қызықты өткізуге хақылы», – делінген Мемлекет басшысының твитінде.
Фото: mail.kz