Қазақстандық деректі фильм үш бірдей беделді халықаралық фестивальге қатысады

Қазақстандық деректі фильм үш бірдей беделді халықаралық фестивальге қатысады

«Кедергілерді жеңу» деректі фильмі Түркия, Грекия және АҚШ-тағы үш бірдей беделді халықаралық фестивальге қатысады. Бұл туралы «Қазақфильм» киностудиясы хабарлайды. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапысырысымен «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген режиссер Бану Рамазанованың деректі туындысы 1952 жылы Жамбыл маңындағы Луговой жылқы зауытында туған Совет заманындағы жылқы спортының аңызы болған «Абсент» ақалтекесі және тәуелсіз Қазақстандағы конкурдың жағдайын баяндайды.

«Кедергілерді жеңу» фильмі менің жүрегімде ерекше орын алады. Менің дебюттік жұмысым болғандықтан ғана емес, бір жыл бойы жұмыс істеген фильмнің арқасында тамаша адамдармен – біздің кейіпкерлерімізбен танысқаным үшін де ыстық. Біз олардың қалай ат таңдағанына, жылқылар ауырған кезде қалай уайымдағанына, төрт жылдан артық өткізілмеген Қазақстандағы Әлем кубогы кезеңіне дайындығына және жетістіктеріне қалай қуанғанына куә болдық»,- дейді фильмнің режиссері Бану Рамазанова.

Деректі фильм 2020 жылы 30-31 мамырда Ыстамбұлда өтетін Anatolia International Film Festival халықаралық кинофестивалінің басты байқауына қатысады. Деректі фильм «Үздік деректі», «Үздік музыкалық фильм» және «Үздік режиссер» аталымы бойынша үш номинацияда бәйгеге түседі.

Фильм сонымен қатар, 2020 жылғы 1-7 тамыз аралығында Грекияда өтетін 7-ші Иераптера халықаралық деректі фильмдер фестивалінің негізгі конкурстық бағдарламасында ұсынылады.

Ал 23-30 тамыз аралығында «Кедергілерді жеңу» картинасы Docs Without Borders Film Festival кинофестивалінің негізігі конкурсына қатысады.

 

​Фото: 24.kz​


×