Қоғам
II Дүниежүзілік соғысында қаза тапқан отандасымыздың сүйегі елге жеткізіледі

Мәскеудегі Қазақстан елшілігінде соғыс кезінде қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегін тапсыру шарасы өтті.
Смоленск облысы, Темкин ауданының аумағында іздеу-барлау жұмыстарын жүргізу барысында «Тризна» іздеу бірлестігінің жауынгерлері Қарағанды облысы, Шет ауданы, Жестерек ауылының тумасы, 1917 жылы туған қызыл әскер сарбазы – Аманжолов Медеттің сүйек қалдықтарын тапқан болатын.
Жауынгердің туыстары табылды. Енді оның сүйегін туған жеріне қайтару жоспарлануда, деп хабарлайды елшіліктің баспасөз қызметі.
Фото: sputniknews.kz