Қоғам
Қазақстанда каратэден онлайн жарыс өтті
Қазақстанда алғаш рет каратэден жарыс онлайн режимде өткізілді. Спортшылар республикалық біріншілікте ката техникасы бойынша күш сынасты. Бұл техника қатысушылардың бетпе-бет кездесуін қажет етпейді және каратэші жекпе-жекті меңгеру деңгейін көрсете алады.
Спортшылардың бейнежазбалары ашық чатқа жіберілді. Ал қазылар алқасының шешімімен жоғары ұпай жинағандар онлайн-чемпиондар атанды.
Жалпы, ел бойынша 100-ге жуық спортшы бас жүлдені сарапқа салды. Олардың қатарында түрлі жастағы әйелдер мен ерлер болды. Балалар да өз қатысты. Ең жас қатысушылардың жасы төртте.
Фото: 24.kz