Блок-бекеттер ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен күшейтіледі

Блок-бекеттер ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен күшейтіледі

Әскери қызметшілер блок-бекеттерде ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолданатын болады. Бұл шара карантин уақытында төтенше жағдайды бақылау және күшейту қамында  қолға алынбақ. Ұшу аппараттарының есептері әуе барлау жүргізу, төтенше жағдай режимінің бұзылуын анықтау және оған жол бермеу мақсатында тартылады.

Айта кетейік, қазір елорда мен еліміздің бірнеше облысында төтенше жағдай және карантин режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар шеңберінде блок-бекеттер орнатылып,  Қарулы Күштердің әскери қызметшілері, полиция және Ұлттық ұлан өкілдері тәулік бойы кезекшілік атқаруда. Тыйымға қарамастан, заң бұзушылық әрекеттері тыйылмай тұр.

Мәселен, бүгін Ақмола облысында карантин аумағынан заңсыз өтпек болған тағы 7 адам ұсталды. Ережені елемегендер  әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

 

Фото: catalogueofarticles.com


×