Қоғам
Елімізде барлық халықаралық рейстер тоқталады

Еліміздің Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары әуежайларында барлық халықаралық және эвакуациялық жолаушылар рейсі 1-сәуір, сағат 00.00-ден бастап тоқтатылады. Бұл туралы көлік бойынша бас санитар дәрігер Сәдуақас Байғабыловтың қаулысында айтылады.
Шара коронавирус инфекциясының таралуын тоқтату мақсатында қолданылып отыр.
Енді халықаралық жолаушы рейстері 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстанның басқа қалаларына ғана бағытталады.
Фото: tengrinews.kz