Қашықтан оқытуға телеарналар тартылады

Қашықтан оқытуға телеарналар тартылады

Коронавирус эпидемиясы әлемдік білім беру жүйесіне өзгерту енгізді. ЮНЕСКО мәліметі бойынша COVID-19 белең алуына орай 2020 жылдың 25 наурызында 1,5 миллиардтан астам оқушыға сабақ уақытша тоқтатылған. Бұл барлық оқушылардың 87,1 пайызын құрайды. 165 елде ұлттық деңгейдегі мектептер жабылды.

Сонымен қатар, қазақстандық мектеп оқушылары арасында да демалыс мерзімі аяқталуға таяу қалды. Осыған байланысты Білім және ғылым министрлігі онлайн сабақтарды ұйымдастыру, мұғалімдерді бейімдеу, теле-сабақтарды жазу, сонымен қатар жалпы білім беру ұйымдарында қашықтан оқытуды ұйымдастырудың нұсқаулықтарын әзірлеу жұмыстарын жүргізуде. Интернеттегі оқу үрдісін жоспарлау және өткізу туралы мұғалімдердің барлық пікірталастары Kundelik.kz жүйесінде немесе Skype, Telegram, WhatsApp және басқа да  мессенджерлерде жүзеге асырылуда. Сонымен қатар оқушылардың онлайн оқу жүйесіне дайындығы да тексерілді. Оның ішінде әсіресе интернетке қол жеткізе алатын электрондық құрылғылар есепке алынды. Компьютері жоқ немесе отбасында бірнеше оқушыға арналған бір компьютері бар, сондай-ақ интернетке қосылмаған балалар үшін Білім және ғылым министрлігі әкімдіктермен бірлесіп мектеп компьютерлерін уақытша беруді жоспарлап отыр.

Осылайша, 6 сәуірде 2019/2020 оқу жылының соңғы тоқсаны жаңа форматта басталады. Ол «Балапан» және «EL ARNA» телеарналарында 2000 телевизиялық сабақ түрінде өтеді.  Бейне сабақтар екі тілде - қазақ және орыс тілдерінде жазылады. Сондай-ақ, сабақтар арнайы интернет-платформаларда да өткізіледі. Сабақтың ұзақтығы 30 минутты құрайды. Қашықтан оқу бағдарламасының интернет-платформаларын жаңадан бастаған Қытайдан Қазақстаның айырмашылығы – бұл жүйеде бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келе жақтандығында. Мысалы, Kundelik, sabaq.educon.kz.

Білім және ғылым министрлігі жоғары сапалы онлайн режимінде білім алуға мүмкіндік беретін осы платформалармен және басқа құралдармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулықтар әзірледі және жариялады. Білім және ғылым министрлігі ақылы түрде болған платформалармен келісімге келіп, оқушыларға тегін түрде қолжетімді болады.

Сонымен қатар Интернет-провайдерлер мен ұялы байланыс операторлары осы платформаларға шектеусіз трафикті ұсынды.

 

Фото: 24.kz


×