Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин күшіне енді

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин күшіне енді

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин күшіне енді. Коронавирустың таралуына байланысты төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия осындай шешім қабылдаған болатын.

Бүгіннен бастап қос қалада блок бекеттер қойылды. Олар тепловизорлармен жабдықталды. Қорғаныс министрлігінің әскерилері мен полиция қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істейді. Көліктер мен азаматтардың кіріп-шығуы шектелді. Теміржол мен әуе қатынасы тоқтатылды. Ірі сауда орталықтары мен базарлар жабылды. Тұрғын үйлердің кіреберістері мен қоғамдық көліктер, аялдамалар зарарсыздандырылуда.

Коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген төтенше жағдай тәртібіне бағынбаған және Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы  карантин режимін бұзған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Фото: inform.kz


×