Қоғам
Мемлекет басшысы ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қайғылы оқиғадан қаза тапқан азаматтардың туыстарына көңіл айтты.
Президент зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін, апаттың себебін анықтау үшін Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен арнайы үкіметтік комиссия құрылғанын атап көрсетті. Сонымен қатар кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланатынын мәлім етті.
Еске сала кетейік, бүгін сағат 7:22 шамасында Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, қаза тапқандар саны 9 адам.
Фото: Хабар 24