Қоғам
Алматыда ұлттық аң аулау турнирі өтті
Алматыда құстармен аң аулау бойынша турнир өтті. Мұнда өз шеберліктерін көрсетуге Қазақстан, Қырғызстан, Қытай және Моңғолиядан келген бүркітшілер, сондай-ақ қырандары мен сұңқарларын ала келген шебер-аңшылар жиналды.
Турнирдің кәсіби төрешілері қатысушыларды ептілігі, аң аулау шеберлігі мен құстардың ұшу биіктігіне қарай бағалады.
БАҒДАТ МУПТЕКЕККЫЗЫ, ЖАРЫСТЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ:
- Құстардың бабы жақсы. Олар барлық жаттығуларда жоғары ұпай алуда.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шара ұлттық салт-дәстүрлердің рухани жандануына ғана емес, сонымен қатар республикаға туристер ағынын тартуға ықпал етеді.
Авторы: Ақзер Сегізбаева
Фото: tengrinews.kz