Қоғам
Түркияда қазақстандық студенттердің бірінші құрылтайы өтті
Түркияның Сакарья қаласында қазақстандық студенттердің бірінші құрылтайы өтті. Шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасына, «Жастар жылын» қорытындылауға орайластырылды. Құрылтайға жиналған 250-ге жуық жас Қазақстан елшісімен Жастар жылын өткізудің маңыздылығын және білім алу мәселелерін талқылады.
ЛӘЗИЗА НҰРПЕЙІС, ДОКТОРАНТУРА СТУДЕНТІ:
- Негізгі мақсатымыз, шет елде оқып жатқан қазақ жастарының бас біріктіру. Тәуелсіздік күнімізді тойлау. Өзіміздің қазақ екенімізді ұмытпау. Ұлттық және рухани байлығымызды жаңғырту.
ЭКРЕМ ЮЖЕ, САКАРИЯ МЭРІ:
- Бауырлас ел- Қазақстанның тәуелсіздік күнін Түркияда тойлау табиғи жағдай. Себебі, туыстас халықтың егемен ел деп мойындаған да біздің ел. Бұл күн біз үшін де маңызды.
Фото: 24.kz