Нұр-Сұлтанда балалар суреттері байқауының жеңімпаздары марапатталды
Қазақстанда балалар құқығы бойынша БҰҰ Конвенциясының 30 жылдығы атап өтілді. Жаһандық науқан аясында елордада #KIDS4RIGHTS балалар суреттері байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Шығармашылық жарысты Қазақстандағы Еуроодақ өкілдігі ЮНИСЕФ ұйымымен, сондай-ақ Бельгия мен Швейцария елшіліктерімен бірлесіп ұйымдастырды. Байқаудың мақсаты – тұжырымдаманы түсіне білген балалардың үздік жұмыстарын ынталандыру.
Қазақстанның түкпір-түкпірінен 200-ден астам жұмыс келіп түскен. Экспозицияға финалистердің 30 жұмысы қойылды. Еске салсақ, Қазақстанда Конвенция 25 жыл бұрын ратификацияланған болатын.
Ал биыл республика Балалардың құқықтарын сақтау жөніндегі жаһандық міндеттемені қолдады.
СВЕН-ОЛОВ КАРЛССОН, ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ:
- Біз Бала құқықтары туралы Конвенцияның маңыздылығын еске салу керекпіз. Сондықтан осы байқауды ұйымдастыруға шешім қабылдадық. Мұнда сіз қатысушылар суреттерінің көркемдік сапасын ғана емес, сондай-ақ, бұл балалардың қандай құқықтардың бар екенін жақсы білетіндігіне көз жеткізе аласыз және менің ойымша, бұл таң қалдыратындай жайт.
ГҮЛМИРА ІЗІМБЕРГЕНОВА, ЖЕҢІМПАЗДЫҢ АНАСЫ :
- Менің ұлымның аты Ермухаммед Хасым. Ол күн сайын басқа балалармен қалай бірге ойнайтынын бейнеледі. Мұнда сіз қаланы, оның баратын мектебін көре аласыз. Сондай-ақ оның мүмкіндігі шектеулі достарын да байқай аласыз. Біздің ойымызша, барлық балалар, тіпті осындай тұрғыдан болса да өз сезімдерін, өз құқықтарын білдіре білуі керек. Осылайша, бұл балалардың өздерін қорғауға көмектеседі.
Авторы: Ақзер Сегізбаева
Фото: eeas.europa.eu