Мемлекет басшысы Nur Otan партиясының кезектен тыс XX съезіне қатысты

Мемлекет басшысы Nur Otan партиясының кезектен тыс XX съезіне қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Nur Otan партиясының кезектен тыс XX съезіне қатысты. Мемлекет басшысы қазіргі күрделі жағдайға қарамастан Қазақстан дамудың стратегиялық мақсаттарын дәйекті түрде жүзеге асыруды жалғастыратынын айтты. «Халқымыз бізге қашанда зор сенім артады. Әсіресе, жаһандық дағдарыс кезінде ел аманатына ерекше көңіл бөлуіміз керек. Бүкіл әлемге тараған пандемия Қазақстанға да оңай тиген жоқ. Мемлекет азаматтардың денсаулығын қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдады. Партия тарапынан халыққа ұдайы қолдау көрсетіліп келеді. Қазақстан қазіргі ахуалға қарамастан стратегиялық даму мақсаттарын дәйекті түрде жүзеге асырады», – деді ҚР Президенті.

 

Фото: akorda.kz


×