«G-global. XXI ғасыр әлемі» халықаралық конгресі басталды

«G-Global.XXI ғасыр әлемі» халықаралық конгресі онлайн форматта басталды. Конгресс жұмысына бұрынғы мемлекет және Үкімет басшылары, халықаралық қаржы ұйымдары мен ірі бизнес басшылары, әлемдік деңгейдегі жаһандық сарапшылар мен тәжірибешілер, Нобель сыйлығының лауреаттары қатысады. Конгресс аясында барлығы 7 онлайн іс-шара өткізіледі. Сарапшылар атап өткендей, жүйенің басты артықшылығы - орталықсыздандыру және операциялардың ашықтығы. Сонымен бірге  форумда «Бір белдеу - бір жол» бастамасы аясында технологияларды қолдану мәселелері талқыланды. Бұл жоба Жібек жолын жаңғырту, интеграция және Еуразия елдерінің ынтымақтастығы үшін жасалған. Оған 70-ке жуық мемлекет қатысады. Олардың инфрақұрылымын қолдау үшін сарапшылар цифрлық банк пен еуразиялық криптовалюта биржасын құруды ұсынады.

 

Фото: dmastana.kz


×