СІМ: Қазақстан Таулы Қарабаққа қатысты мәлімдеме жасады

Келісімге қол жеткізілді! Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Таулы Қарабақ туралы келісімге қатысты мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде қол жеткізілген уағдаластықтар Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларына сәйкес келеді және Таулы Қарабақ проблемасын реттеу үшін негіз бола алатындығы айтылған.

«Әзербайжан Республикасы Президентінің, Армения Республикасы Премьер-министрінің және Ресей Федерациясы Президентінің Таулы Қарабақ қақтығысы аймағындағы атысты және барлық әскери іс-қимылдарды тоқтату туралы мәлімдемесін жоғары бағалаймыз. Осы күрделі кезеңде әзербайжан мен армян халықтары берік бейбітшілік пен келісім орнату, өңірде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сенімді іргетас қалауға ұмтылатындарына үміттенеміз»,- делінген хабарламада.

Ресей Президенті Владимир Путин айтқан бірлескен мәлімдемесінде тараптардың 2020 жылдың 10 қарашасынан бастап, атыс пен барлық әскери іс-қимылды тоқтату туралы келісімге келгені атап көрсетілген.

Армения мен Әзербайжан өз позицияларында қала бермек, ал мойындалмаған Таулы Қарабақ Республикасына ресейлік бітімгерлер енгізіледі.

 

Фото: lenta.inform.kz


×