Ресей Қазақстанға гуманитарлық жүк жіберді

Нұр-Сұлтан қаласына Ресей Федерациясының Төтенше жағдайлар министрлігінің арнайы бортымен гуманитарлық жүк жеткізілді. Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша аталмыш көмек ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің РФ Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен COVID-19-ға қарсы іс-қимыл бойынша келісімінің жалғасы ретінде жасалып отыр.
«РФ гуманитарлық жүгінде медициналық маскалар, қорғаныс киімдерінің жиынтықтары мен медициналық препараттар бар. Қазақстандағы гуманитарлық көмектің бірыңғай операторы «СҚ-Фармация» ЖШС болып табылады», - делінген сыртқы істер министрлігі таратқан хабарламада.
Сондай-ақ алдағы жақын уақытта Ресейден тағы бірнеше рейс гуманитарлық жүк жеткізілетіні атап өтілді.
«Қазақстан Сыртқы істер министрлігі коронавирус пандемиясымен күресте көрсеткен қолдауы үшін Ресей Үкіметі мен бауырлас халқына алғысын білдіреді», - деді ведомстводан.
Фото: inform.kz