Александр Лукашенко «Хабар» Агенттігіне эксклюзивті сұхбат берді
Беларусь Президенті Александр Лукашенко Қазақстанға ресми сапары қарсаңында «Хабар» Агенттігіне эксклюзивті сұхбат берді.
Басқарма төрағасы Ерлан Бекхожинмен әңгіме барысында Лукашенко Минск пен Нұр-Сұлтан қалалары арасындағы байланыс туралы сөз қозғап, қос мемлекет арасындағы қарым-қатынастың қалыптасу кезеңдеріне тоқталды.
Сондай-ақ Беларусь басшысы Еуразиялық экономикалық одақтың тиімділігі жайлы айтып өтті. Оның пікірінше, экономикалар интеграциясы мемлекеттер арасында сауда-саттықтың айтарлықтай ұлғаюына септігін тигізді. Сонымен қатар Александр Лукашенко Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан мен Беларусь арасындағы қарым-қатынасты жалғастырып, оны нығайта түскенін атап өтті.
АЛЕКСАНДР ЛУКАШЕНКО, БЕЛАРУСЬ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
- Оның саясаты – Беларусь пен Қазақстан арасындағы жалғасын тауып жатқан процестерді жалғастыруға, сондай-ақ жалпы біздің ортақ экономикалық одақты дамытуға бағытталған. Бұл кісі екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайта алады. Негіз бар, мақсат бар. Біз осы бағытты ұстанамыз. Біздің қарым-қатынасымыз бұдан артық жақсара түсетініне сенімдімін.
Фото: president.gov.by