Қазақстан Елшісі Сауд Арабиясы Короліне Сенім грамоталарын тапсырды

Әл-Салам сарайында Қазақстанның Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі Берік Арын Сауд Арабиясының Королі, Қасиетті Қос Киенің Сақшысы Салман бен Әбдел Азиз әл-Саудқа Сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Қасиетті Сауд Арабиясы Королі жаңа сайланған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзінің ыстық сәлемі мен ықыласын жолдап, Қазақстан халқына толассыз өркендеу мен даму тілектірін білдірді.
Король Сауд Арабиясының Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастықты дамыту мен тереңдетуге мүдделілігін қуаттай отырып, Елшіге дипломатиялық қызметінде жемісті болуына тілектестік білдірді.
Қазақстан Елшісі екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайтуға бар күш-жігерін салатынын жеткізді.
Фото: mfa.gov.kz