Қазақстан-Венгрия: Визалық саясат

Венгрия Қазақстан азаматтары үшін визалық режимді жеңілдетуге ниетті. Қазіргі уақытта екі елдің тиісті органдары осы мүмкіндікті іске асыру жолдарын қарастыруда.
МАРИНА МИРОНОВА, ТУРИЗМ БОЙЫНША САРАПШЫ:
- Саяхатшылар арасында бұл – тартымды бағыттың бірі. Венгрлерді Қазақстанның мәдениеті мен салт-дәстүрі, табиғи көркем жерлері қызықтырады. Сондықтан туристік компанияларға осы бағытта жұмысты ширатуына тура келеді.
Қазақстандықтар арасында Венгрия бағыты жоғары сұранысқа ие. Мысалы, Астана-Будапешт әуе рейсі ашылған 1,5 жыл ішінде 40 мың адам сапар шеккен.
ИНДИРА МҰРЫМБАЕВА, ВЕНГРИЯДАҒЫ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
- Туған-туыстарым, достарым жиі қатынайды. Олар туристік виза рәсімдейді. Визасыз режим енгізу екі елдің арасын жақындастырып, қарым-қатынасты нығайтады деп ойлаймын.
2019 жылы Қазақстанға Венгрияның белді компанияларының өкілдері келгелі отыр. Бұған қоса, Ұлттық экономика министрдігі мажар елінің жоғарытехнологиялық және ауылшаруашылық компанияларын біздегі инвестициялық жобаларға қатысуға шақырды.